Алматы облысында көлікте 2 адам тірідей жанып кетті

Халық үні

Ford автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды

Фото: autoassa.ru

Алматы облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі. 

Ведомствоның хабарлауынша, 30 қаңтарда Алматы - Өскемен тасжолының 54 шақырымында Mercedes-Benz және Ford көліктері соқтығысқан.

«Ford автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қонаев қаласы ПБ-да ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.