Ford автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды
Алматы облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Ведомствоның хабарлауынша, 30 қаңтарда Алматы - Өскемен тасжолының 54 шақырымында Mercedes-Benz және Ford көліктері соқтығысқан.
«Ford автокөлігіндегі өрттен жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Қонаев қаласы ПБ-да ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.