Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Халық үні

Таңертең және түнде тұман күтіледі

фото: tengrinews.kz

Қазақстанның синоптиктері төрт облыстың тұрғындарына ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 

30 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында таңертең және түнде тұман күтіледі.

Сонымен қатар алдағы дүйсенбі күні күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтілуде.