×

Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атағын жеңіп алды

Ол құрлықтық жарыста екінші рет құрмет тұғырына көтерілді

 Дастан Жұмабекұлы 26.01.2023 | 14:39
фото: ашық дереккөз

Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай 48 келі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.

Ол финалда Өзбекстан өкілі Шодиержон Меликузиевпен қолғап түйістіріп, оны айқын басымдықпен ұтты. Сөйтіп, төрешілердің шешімі бойынша Санжар Тәшкенбай халықаралық жарыста тағы да құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол бұған дейін де ересектер арасында Азия чемпионы болған. Былтыр ол Азия чемпионы болса, 2021 жылы жастар арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Бүгін Қазақстанның тағы 5 боксшысы финалда қолғап түйістіреді. Олар – Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг) пен Диас Молжігітов (75 кг).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама