Әнші-композитор Сейіл Аяған өмірден озды

Дәурен Ерболат

Ол 52 жасқа қараған шағында дүние салды

Фото: turkystan.kz

Танымал әнші-композитор Сейіл Аяған қайтыс болды, деп хабарлады Halyq Uni.

Берісі Қарағанды, әрісі алаш жұрты ақ жүрек азаматынан, айтулы әншісінен айрылды. Өткенде Ерлан ағаның кешінде соңғы кездескен екенбіз. Жылы ғана жымиып, қоштасып едік. Өмір осы. Жаныңыз жәннатта болсын, Сейіл аға! – деп жазды ақын Жанат Жаңқашұлы Facebook-тегі парақшасына.

Еске сала кетсек, Сейіл Аяған – «Таң самалы», «Бала махаббат», «Жіберілген хат», «Жас қалам», «Қоштасу» және тағы басқа белгілі әндердің орындаушысы.