Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері қола жүлдеге таласқалы жатыр

Еркеғали Болатұлы

Матч бүгін 22:05-те басталады

фото: ашық дереккөз

2023 жылғы қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы 3-орын үшін таласады.

Турнир Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатыр. Жартылай финалда Канададан ұтылып қалған Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері енді қола үшін күреседі.

Қазақстан құрамасының қарсыласы 1/2 матчта АҚШ құрамасынан қосымша уақытта 3:4 есебімен жеңіліп қалған Жапония құрамасы болмақ.

Айта кетейік, Қазақстан-Жапония матчы бүгін Астана уақытымен 22:05-те басталады.