Төреші тоқтатты: Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Халық үні

Боксшы малазиялық Акмаль Мухамадты жеңді

Фото: gurk.kz

Боксшы Махмұд Сабырхан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалда 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін боксшы Махмұд Сабырхан малазиялық Акмаль Мухамадты жеңді. Жекпе-жек кезінде Сабырхан қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірді. Осыған байланысты төреші малазиялықтың таяқ жеуін тоқтатуды ұйғарды. 

Осылайша, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен Махмұд Сабырхан кемі қола жүлдеге ілігіп отыр.