Қазақстан биыл Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын атап өтетін болды

Еркеғали Болатұлы

Сондай-ақ Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы бар

фото: "Сұлтан Бейбарыс" фильмінен скриншот

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов биылғы атаулы даталар жайына тоқталды.

Былтыр ғұлама ғалым, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, 2023 жылғы атаулы даталарды жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет, - деді ол Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде.

Осы орайда Алтай Көлгінов биылғы атаулы даталар жайын атап өтті.

Биыл даңқты бабамыз, ұлы қолбасшысы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын, көрнекті мемлекет қайраткері, өнер саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығын атап өтеміз, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Еске сала кетсек, бұған дейін сенатор Нұртөре Жүсіп Үкіметті Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын жоғары деңгейде өткізуге шақырған болатын.