Halyq Uni логотип
×

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзарды

Кәсіпкердің ұсталғаны туралы ақпарат былтыр 22 сәуір күні шықты

 Дастан Жұмабекұлы 20.01.2023 | 10:48
Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзарды
фото: ашық дереккөз

Сот экс-депутат Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 наурызына дейін ұзартты.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 20 қаңтардағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни, күдіктіні 2023 жылдың 21 наурызына дейін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, –  делінген соттың хабарламасында.

Былтыр 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты істі саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.

Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама