Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында жас ана қайтыс болды

Халық үні

Денсаулық сақтау басқармасы бұл хабарды растады

фото: ашық дереккөзден

Қостанай облыстық ауруханасының перинатал орталығында әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Alau.kz. 

Бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Баймағамбетов растады.

Порталы таратқан ақпаратқа қарағанда, бала аман қалған.

Ведомство өкілі болған оқиғаның егжей-тегжейін тергеу мен медициналық этиканы алға тартып, айтудан бас тартты.