Риддерде ЖЭО-дан өрт шықты (ВИДЕО)

Динара Амантай

Жылу желісінің температурасы уақытша төмендетіледі

Фото: tets.kz

Риддер ЖЭО-сында жанармаймен қамтамасыз ету цехында өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Расымен де жанармаймен қамтамасыз ету цехында өрт шыққан. Қазір өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жанармаймен қамтамасыз етуді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жылу желісінің температурасы уақытша төмендетіледі, – деді «Риддер ЖЭО» АҚ-ның президенті Аль-Таир Сыздықов.

Сонымен бірге, ол тұрғындардан сабыр сақтауды сұрап, әрі қарайғы қадамдар туралы ақпарат берілетінін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін осы жылу электр орталығының багер станциясында апат болған еді.