×

Ресейде арнайы жасақ Украинадағы соғыстан келген сарбазды атып тастады

17 қаңтарда жауынгер Воронежге барып, анасына жолыққан. Сосын өз үйіне барған

 Дастан Жұмабекұлы 19.01.2023 | 10:14
фото: ашық дереккөз

Ресейдің Липецк облысында арнайы жасақ жауынгерлері Украинадағы соғыстан қашып келген әскери қызметкерді атып тастады. Бұл туралы The Insider хабарлады.

Ресей арнайы жасағы Липецк облысында Украинадағы соғыс аймағынан қашып келген 31 жастағы әскери қызметкер Дмитрий Перовты атып өлтірді, – делінген хабарламада.

The Insider-дің хабарлауынша, әскери бөлімді өз бетінше тастап кетіп, дизертирлікке салынған Перов 13 қаңтар күні Ресейге қайтып оралған. 17 қаңтарда Воронежге барып, анасына жолыққан. Сосын Липецк облысындағы өз үйіне жол тартқан.

Соның алдында соғыстан қашқан Перов жайлы сипаттама жарияланған. Онда жауынгердің қаруы – автоматы, патрондары мен гранаталары бар екенін атап көрсетілген. Дизертирді іздеу Воронеж және Липецк облыстарында мұқият жүргізіледі.

Перов Липецк облысы Усман ауданының Новоуглянка селосындағы өз үйіне келеді. Оны ұстау кезінде Липецкіден келген арнайы жасақ сарбаздары алдымен үйін қоршап алады. Бірақ аулаға мина төселуі мүмкін деп қорыққан полиция қызметкерлері ішке кіре алмай, тұрып қалады. Сосын саперлердің келуін күтеді. Артынан қашқын жауынгер атып өлтірілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама