×

Өзбек күресі Африка ойындарының бағдарламасына енді

Балуандар кураштан белдеседі

 Дастан Жұмабекұлы 18.01.2023 | 13:14
фото: ашық дереккөз

Өзбектің ұлттық спорт түрі – күрес Олимпиада ойындарының маңызды құрамдас бөлігі саналатын Африка ойындарының бағдарламасына енді.

Өзбек күресі ресми түрде тамыз айында Конго елінде (Браззавиль қаласы) өтетін Африка ойындары жүйесінен бөлек спорт түрі ретінде енгізілді.

Халықаралық күрес қауымдастығының бас хатшысы және техникалық директоры Мухаммад Реза Насири осы ойындарға қатысты мәселелерді талқылау үшін Конгоға барып, осы елдің Жастар және спорт, азаматтық білім министрі Хугуес Нгоуелонделемен кездесті.

Кездесуде ол Конго министрімен Африка ойындарындағы күрестің техникалық аспектілеріне қатысты мәселелерді талқылады. 

Хугуес Нгоуелонделенің айтуынша, күресті елде ең танымал спорт түріне айналдыру үшін ірі жарыстар ұйымдастырылып, оған үкімет деңгейінде қолдау көрсетіліп жатыр. Ол алдағы уақытта Өзбекстанға баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

Кездесуде Халықаралық күрес қауымдастығының бас хатшысы Реза Насири Африка ойындарында күрес түрлерінен жарыстар өтетін орын, спортшы мен төрешілерге, техникалық делегаттарға арналған кешендермен танысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама