×

Роналдо төртінші рет үйленді

Оның бұрынғы үш әйелінен төрт баласы бар

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2023 | 17:55
фото: ашық дереккөз

Бразилия құрама командасының бұрынғы ойыншысы, әлемнің экс-үздік футболшысы Роналдо (Роналду Луис Назариу ди Лима) осымен төртінші рет үйленді.

Ол бизнесвумен әрі модель Селина Локсмен шаңырақ құрды. Роналдо кезінде Голландияның ПСВ «Эйндховен», Испанияның «Барселона», Мадрид қаласының «Реал», Италияның «Интер», «Милан», Бразилияның «Коринтианс», «Крузейро», «Сан-Кристован», «Сосиал Рамос» клубтарында өнер көрсеткен болатын. Ол футболшы ретінде карьерасын футзалда бастаған. «Валкейре» деген командада ойнаған.

Роналдоның зайыбы косметикалық тауарларды шығарумен айналысады. Өзінің жеке бренді бар.

1997-1999 жылдар аралығында Роналдо бразилиялық актриса Сюзана Вернермен кездесіп, 1999 жылы Милена Домингеске үйленген болатын. 2003 жылы ажырасқаннан кейін 2005 жылы Даниеле Сикарелимен отбасын құрды. Онымен жараспаған соң, 2008 жылы Мария Беатрис Антониге үйленіп, үшінші әйелімен 2013 жылы ажырасты.

Қазір Роналдоның бұрынғы үш әйелінен төрт баласы бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама