×

COVID-19: Қытайда соңғы бір-ақ айда 60 мың адам көз жұмды

Оның 90%-ы – 65 жастан асқандар

 Еркеғали Болатұлы 15.01.2023 | 12:36
фото: ашық дереккөз

Қытайда соңғы бір айда коронавирустан 60 мың адам көз жұмған. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Билік қайтыс болғандардың 90%-ы 65 жастан асқан қарт адамдар екенін атап өткен.

Еске сала кетсек, Қытайда қараша айында шектеулерге қарсы жаппай наразылық басталып, желтоқсанда оның көбі алынып тасталған еді. Соның салдарынан елде індеттің таралуы қайта күшейді. Бірақ өткен аптада жергілікті билік шектеулерді тағы жеңілдетіп, шетелдіктерге қатысты карантин шараларын жойды.

Ресми мәлімет бойынша, Қытай шекарасы ашылған соң ол елге баратын шетелдіктер саны күрт артқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама