×

Алакөлде 2 адам мінген көлік суға батып кетті

Көлікте отырған жолаушы көліктен шығып үлгерген, ал жүргізуші суға батып кетті

 Халық үні 14.01.2023 | 20:28
фото: ҚР ТЖМ

13 қаңтарда сағат 15:10 шамасында Алакөлдің үстімен өтпек болғанда мұз ойылып, жеңіл көлік суға батып кетті. Жүргізуші көліктен шығып үлгермеген.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Нива маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушымен Алакөл көлін мұз үстімен кесіп өтпек болғанда мұз жарылған. Көлікте отырған жолаушы көліктен шығып үлгерген, ал жүргізуші суға батып кетті.

«Бүгін таңертең сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне шығарды. ҚР ТЖМ күштері мен құралдары Абай облысының ҚОҚ 4 адам, 1 техника бірлігі, ЖАО 25 адам, 6 техника бірлігі тартылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама