×

Семейде жаңа ЖЭО салу мүмкіндіктері талқыланды

Инвесторлар ынтымақтастыққа қызығушылық танытты

 Динара Амантай 14.01.2023 | 10:56
Фото: gov.kz

Абай облысының орталығында ЖЭО-3 салу перспективаларын өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев Metag Holding өкілдерімен талқылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, компания ірі инфрақұрылымдық жобаларды (жолдар, әуежайлар, теңіз порттары, ЖЭО) салуға және басқаруға маманданған. Инвесторлар ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев инвесторлар үшін ашық есік саясаты туралы айтып, шетелдік компаниялармен тікелей ынтымақтастық орнату үшін барлық жағдайларды жасауға дайын екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Абай облысына сапары барысында Семейде жаңа ЖЭО салуды тапсырған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама