Астана-Баку рейсі іске қосылады

Наима Нұрәлі

Рейс аптасына екі рет орындалады

фото: polet.me

16 наурыздан бастап AZAL әуекомпаниясы Баку – Астана – Баку бағыты бойынша рейстерді орындайды.

Бұл бағытта Бакуден Астанаға дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал кері қайту сейсенбі мен жұма күні жүзеге асады. Сонымен қатар, 17 наурызда Әзербайжанның ұлттық әуекомпаниясы Баку – Алматы – Баку бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізден бірқатар мемлекетке жаңа рейстер ашылатынын хабарлаған едік.