×

Алматыда тұрғын үйден өрт шықты

 Екінші қабаттағы пәтер отқа оранды

 Дастан Жұмабекұлы 12.01.2023 | 16:09
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласында төртқабатты үйден өрт шықты. Қазір Абай даңғылының бойында, Орталық стадионның жанындағы үй өртеніп жатыр.

Әлеуметтік желіде Орталық стадионға жақын жерде орналасқан Абай даңғылындағы үйлердің бірінен өртеніп жатқан үй түсірілген видео шықты.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Абай даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында орналасқан №89 үйдің екінші қабатындағы пәтер өртенген. Өрт сөндірушілер сағат 14:31-де тілсіз жау туралы хабарды алысымен сол жерге барып, төрт қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында өртеніп жатқан пәтердегі өртті сөндіре бастады. Газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері адамдардың бар-жоғын анықтады.  Штабтың жұмысы жолға қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама