×

Биыл елімізде кімнің жалақысы 20 пайызға өседі

600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы өспек

 Халық үні 12.01.2023 | 04:19
фото: ашық дереккөзден

Биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайзыға өседі, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20 пайызға кезең-кезеңімен арттыру жалғасады.

Нәтижесінде бухгалтер, экономист, заңгер, мұрағатшы, кітапханашы, мұражайтанушы, орманшы, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы өспек.

Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды, - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама