×

Талдықорғанда қазандықта жарылыс болды

Бір сағатта бәрі қалпына келеді, – деп хабарлады қала әкімдігі

 Дастан Жұмабекұлы 11.01.2023 | 16:18
фото: видеодан кадр

Instagram-дағы taldykorganec.insta_ парақшасында жарылыс орнынан түсірілген видео жарияланды.

Талдықорғандағы 2-шағын ауданда жылу қазандығы жарылды, – делінген видеода.

Кадрдан терезелері қираған ғимаратты көруге болады. Қала әкімдігі қазандықтың жарылуына байланысты түсініктеме беріп үлгерді.

Қазандық бір сағатта қалпына келеді. Оның резерві бар, – деп хабарланды.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шакеновтің айтуынша, жарылыстың кесірінен 280 абонент жылусыз қалған. Оқиға қаладағы 2-шағын ауданда орналасқан №1 жылу қазандығында болған.

280 абонент жылусыз қалды. Оның ішінде жеке және көпқабатты үйлер, бизнес нысандары – бәрі бар. Жарты сағатта резервте тұрған қазандық іске қосылады, – деді ол.

Қазір Талдықорғанда ауа температурасы -11 градус аязды көрсетіп тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама