×

Қарағандыда 16 қабатты үйде жарылыс болды: 3 адам қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша, 3 адам қаза тапты

 Халық үні 10.01.2023 | 23:05
Фото: tengrinews.kz

Қарағанды қаласында 16 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Қазір адамдарды құтқару және эвакуациялау жүріп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, кезекшілік бөліміне 10 қаңтар сағат 21:29-да Республика даңғылы, 18/2 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар түскен. 16 қабатты, 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатында жарылыс болып, өрт шыққан.

Оқиға орнын тексеру барысында үш адамның мәйіті табылған. Болжам бойынша олардың екі ер адам мен бір әйел екені анықталды. ТЖД күштерінің көмегімен 11 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала бар, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына ТЖД 88 қызметкері және бөлімшелерінің 23 техникасы жұмылдырылды.Тұрғындарды жылыту үшін ТЖД 3 вахталық көлігі тартылды.

Сағат 22:55-де өрт оқшауланды. Облыс әкімдігі эвакуацияланған адамдарды қонақ үйлерге жеткізумен айналысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама