Елорда әуежайында 19 рейс кешігіп жатыр

Дәурен Ерболат

Оған ауа райының қолайсыздығы себеп

Фото: Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Бүгінде ұшып келуге тиіс 13 рейс, ұшып кететін 6 рейс кешігіп жатыр. Оған ауа райы жағдайына байланысты, ұшақтардың кеш ұшуы себеп, - деп жазылған хабарламада.

Әуежайдағы ұшып-қону жолағында қар тазалау жұмысы үздіксіз жүріп жатыр.

Жолаушылар соңғы ақпаратты call-орталығынан және анықтама бөлімінен ала алады.