Екібастұздағы ауруханаға жылу беру тоқталды
Қалада бірқатар нысан жылудан ажыратылды
Екібастұздағы қалалық ауруханаға уақытша жылу беру тоқтатылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
9 қаңтарда «Екібастұзтеплоэнерго» компаниясының мамандары жылу желісін сөндіру үшін НО 18А-ны жылудан ажыратады.
Сондықтан кешкі сағат 17:00-ге дейін 5 емдеу мекемесінде және 5 ұйымда жылу болмайды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 7 қаңтарда Екібастұздағы ЖЭО-да 3 қазандық істен шыққан еді.