Елордалық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды

Дәурен Ерболат

Қалада күн күрт суытты

фото: Halyq Uni

Бүгін Астанада екінші ауысым оқушылары мен студенттер де қашықтан оқитын болды, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.

2023 жылғы 9 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11(12) сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болатыны хабарланған еді.