Бүгін ауа райы қандай болады?

Дәурен Ерболат

Күн райына атлантикалық циклон мен атмосфералық фронталды бөлімдер әсерін тигізеді

Фото: centralasia.news

«Қазгидромет» РМК 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, тұман түсіп, боран соғады әрі көктайғақ болады.

Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында нөсер, қар аралас жаңбыр, оңтүстіктегі таулы аудандарда қалың қар жауады. Тек батыста қысым өрісінің әсерімен күн жауын-шашынсыз, бірақ аяз болады.

Суық арктикалық антициклон әсерімен батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте ауа температурасы күрт төмендейді.