Астанада 9 қаңтарда бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Халық үні

2023 жылдың 9 қаңтарында бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан білім алады

Фото: inbusiness.kz

9 қаңтарда Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.

Ауа райының бұзылуына байланысты 2023 жылдың 9 қаңтарында бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан білім алады, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлаған болатынбыз.