×

Украинада Ресейдің қанша сарбазы қаза тапқаны белгілі болды

Шынайы көрсеткіш кем дегенде 40-60%-ға жоғары болуы мүмкін

 Халық үні 07.01.2023 | 23:46
фото: ашық дереккөзден

Украинадағы соғыс кезінде Ресей тарапынан қаза тапқан 11 мыңнан астам сарбаздың аты-жөні белгілі болды. Олардың 539-ы мобилизацияланған сарбаздар. Мұндай деректі BBC ашық деректер негізінде анықтаған.

Соғыстың бірінші күнінен бастап ВВС-дің орыс қызметі «Медиазон» басылымы (Ресейде «шетелдік агент» деп танылған) және еріктілер тобымен бірге Украинада соғыс кезінде қаза тапқан азаматтардың тізімін жасаумен айналысып келеді. 6 қаңтарда басылым 11009 сарбаз бен офицер қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.

Басылым жиналған деректер адам шығынының нақты көрсеткіші емес, шынайы көрсеткіш кем дегенде 40-60%-ға жоғары болуы мүмкін деп отыр. Кемітіп есептегеннің өзінде Украинадағы соғыста Путин 22 мың сарбазынан айырылған Мұндай қорытынды Ресейдің 60-тан астам елдімекеніндегі зираттағы жағдайды зерттеу нәтижесі бойынша жасалған.

Қаза тапқандарға хабар-ошарсыз кеткен, жарақат алып майдан шебінен шығып қалғандарды қосанда Ресейдің адами шығыны 99 мыңды құрайды. Бұған Донецк пен Луганксідегі «халықтық милиция» сапында соғысқандар кірмейді деп хабарлады басылым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама