Ренат Бектұров «Астана» халықаралық қаржы орталығына басшы болып тағайындалды

Халық үні

Қайрат Келімбетов лауазымынан босатылды

ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымына Ренат Бектұровты тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ренат Нұрмолдаұлы Бектұров «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымына тағайындалсын, – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды.