Halyq Uni логотип
×

Ғалымдардың жалақысы министрлердікімен теңесті

Бүгінде ведомство басшылары 500 мың – 1,7 млн теңге көлемінде еңбекақы алады

 Дәурен Ерболат 06.01.2023 | 16:20
Ғалымдардың жалақысы министрлердікімен теңесті
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда ғалымдар 1,5 млн теңгеге дейін жалақы алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол елімізде ғалымдардың үнемі тұрақты жалақы алмағанын еске салды. Қазір жағдай өзгерген.

«Жалақы конкурстардың нәтижесіне байланысты. Ғалымдардың орташа жалақысы 152 мың теңге болды. Бұл – экономикадағы орташа жалақының тек 72%-ы. Бүгінде жұмыс істеп, жарияланымдары шығатын барлық жетекші ғалымның жалақысын 72%-ға арттырдық. Жетекші ғалымдар гранттардың нәтижесіне тәуелді болмауы үшін іргелі ғылымдарды базалық қаржыландыру форматын қайтардық. Қазір 11 ғылыми-зерттеу институты тікелей қаржыландырылады», - деді Саясат Нұрбек министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Министр ғалымдардың жалақысы өскенін атап өтті.

2022 жылдың қорытындысына сәйкес, бүгінде жалақы – 257 мың теңге, ал ең жоғары жалақы – 1,5 млн теңге. Ғылымды қаржыландыруды 3,5 есе арттырдық. Егер ғылымды қаржыландыру 2022 жылы 58 млрд теңге болса, биыл 158,6 млрд теңгеге жетті. 2024 жылы 244 млрд теңге, 2025 жылы 240 млрд теңге болады. Ғылымды қаржыландыру шамамен 800 млрд теңге болуға тиіс. Осы деңгейге шығу жоспары бар, - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлердің 500 мың – 1,7 млн теңге аралығында еңбекақы алатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама