×

«Әлихан Смайылов қанша алады?». Министрлердің қазіргі жалақысы туралы айтылды

Ең жоғарғы жалақы еңбек өтіліне байланысты

 Дәурен Ерболат 17.11.2022 | 11:25
коллаж: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жалақының көлемі еңбек өтілі мен кәсіби біліктілігіне байланысты. Менің ойымша, министрлердің ең төменгі жалақысы – 500-600 мың теңге, ең жоғарғы жалақы еңбек өтіліне байланысты. Ол шамамен 1,7 млн теңгеге дейін барады, - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан шыққан соң.

Журналист Үкімет басшысының орынбасарына «Сіздің жалақыңыз – 1,5 млн теңге. Сіздің басшыңыз, премьер-министр Әлихан Смайылов қанша алады?», - деген сұрақ қойды.

Бұл сұрақты Әлихан Асханұлының баспасөз қызметіне қойыңыз. Мен сіздің жалақыңызға қызықпаймын ғой. Егер Әлихан Асханұлы рұқсат берсе, мен айтайын, - деді Ерұлан Жамаубаев.

БАҚ өкілі «Үкімет мүшелерінің ең жоғарғы жалақысы 1,7 млн теңге болса, Әлихан Смайыловтың жалақысы сондай ғой? Дұрыс па?» – деп сұрағын нақтылады.

«Алатын шығар. Мен нақты айта алмаймын. Мен өз жалақымды айттым, тек өзіме жауап беремін», - деп Жамаубаев жауабын қысқа қайырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама