90-нан аса сотталушының мерзімі қысқарған
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов рақымшылыққа нақты қанша адам ілінгенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде 631 айыпталушының ісі сотқа жолданған.
Олардың 132-сі бас бостандығынан айырылды. Қалғандарына шектеу және қоғамдық жұмыстармен айыппұл салынды. Бірқатар күдікті жәбірленушілерге келтірілген залалды өз еркімен өтеді. Татуласу нәтижесінде кейбір істер (44 іс тергеу барысында, 14-і сот барысында) тоқталды, - деді Марат Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысында.
Осы орайда министр рақымшылыққа ілінгендерге тоқталып өтті.
Бүгінде Рақымшылық туралы заң 980 адамға қолданылды. Қамаудан 76 адам босатылды, сотталған 94 адамның мерзімі қысқарды. Қазір өндірісте 36 қылмыстық іс бар, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін рақымшылыққа 1500 адамның ілігетіні хабарланған еді.