«Болашақ» бағдарламасына бөлінген 3 млрд теңгеге жуық қаражат банктердегі депозиттерге салынған

Халық үні

Шығын 2,8 млрд теңгені құрады

Фото: sputnik.kz

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ын қаржыландыруға бөлінген қаражаттың бір бөлігі 2-деңгейдегі банктердегі депозиттерге орналастырылғаны анықталды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Ведомстоның хабарлауынша, олардың кейбіреуі кейіннен банкрот деп танылған.

«Тиісті емес қаржы саясатының нәтижесінде орталықтың қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша шығын 2,8 млрд теңгені құрады», – делінген хабарламада.