×

Балықшылар мінген көлік Қапшағай көліне батып кетті

 Халық үні 02.01.2023 | 16:30
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

2023 жылғы 1 қаңтар күні Қапшағай су қоймасында балықшылармен профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мұз үстінде жеке автокөлігі бар әуесқой балықшыларды байқады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Олар су айдындары арқылы өту мен жүру кезінде сақтық және қауіпсіздік шараларымен танысты. Жүргізуші департамент қызметкерлерінің ескертулерін елемеді. Кейіннен, ең жақын жағалауға бара жатқан кезде, Мерседес маркалы спринтер көлігі мұз астына түсіп кетті, жүргізуші көліктен шығып үлгерді, аман қалды, көмек қажет емес, – делінген министрлік хабарламасында.

ТЖ департаменті жүргізушіні ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы 1-бөлігі су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады.

Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары ТЖ департаменті азаматтардан су айдындарынан өту мен жүру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Мұздың жұқа және әлсіз учаскелеріне, көлік құралдарымен өткелдерден тыс жерлерге шықпаңыздар, мұз өткелдерінде балық аулауға арналған шұңқыр жасамаңыздар, мұздың жекелеген учаскелерінде топтасып жиналмаңыздар, мұздағы ойықтар мен жарықтарға жақындамаңыздар, – деп ескертеді министрлік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама