Президент агломерацияларды дамытуға қатысты заңдарға қол қойды

Динара Амантай

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Фото: stan.kz

Мемлекет басшысы агломерацияларды дамытуға қатысты екі құжатқа қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.