Президент Қанат Мусинді қызметінен босатты

Динара Амантай

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды

Фото: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Мусинді Әділет министрі қызметінен босатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды.

Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған.

Қанат Мусин Мәжілістің жалпы отырысында Конституциялық соттың судьясы болып тағайындалды.