×

Мәжіліс Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

Олар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа қызметіне кіріседі

 Дәурен Ерболат 30.12.2022 | 10:09
Фото: parlam.kz

Мәжілістің жалпы отырысында Конституциялық соттың судьялары тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы Конституциялық соттың 3 судьясын қызметке тағайындайды.

Дауыс беру нәтижесінде Қанат Мусин (Әділет министрі), Еркін Оңғарбаев, Сергей Ударцев судья қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Сенат Конституциялық соттың судьяларын тағайындады.

Дауыс беру нәтижесінде Ерлан Сәрсембаев, Асан Ескендіров, Айгүл Қыдырбаева судья қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ президент Қанат Мусинді Әділет министрі қызметінен босатты.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды», - делінген құжатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама