Бұл сұраққа Антикор басшысының орынбасары жауап берді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» конституциялық заң күшін жойса, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары жауапқа тартыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Қазір мұны айту қиын. Заң нормалары бар екенін түсіну керек. Дәлелдер міндетті түрде болуға тиіс. Көтерілген барлық мәселе заң аясында қаралып жатыр. Мұны барлығын түсіну қажет», - деді Ұлан Сарқұлов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
«Тұңғыш президент – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшін жою туралы Конституциялық заң жобасы келесі жылы парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралады. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, Конституциялық заң күшін жойғаннан кейін, Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелері барлық артықшылықтан айырылады.
Бірақ бірінші президентке де, болашақ президентке де енді экс-президенттер туралы нормалар қолданылады, - деп нақтылады Мәжіліс спикері.