×

Елбасы туралы заң қашан күшін жоятыны белгілі болды

Бүгін Мәжіліс депутаттары заңды қарауға кірісті

 Дәурен Ерболат 28.12.2022 | 12:44
Фото: egemen.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңы қашан күшін жоятынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 2023 жылдың басында аталған заңның күшін жою мәселесі Парламентте қаралады.

Бұл конституциялық заң болғандықтан, бұл құжат Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралады. Сондықтан (2023 жылы – автор) қаңтарда бірлескен отырысы өтіп, бұл мәселе қаралады. Аталған заң толық күшін жояды, - деді Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Төраға құжат қабылданса, заңдағы барлық норма күшін жоятынын атап өтті.

«Сол заңдағы берілген артықшылықтардың барлығының күші жойылады. Бірінші президентке де, болашақ президенттерге де экс-президентке қатысты нормалар қолданылады. Егер заң күшін жоюға қойылса, онда қарастырылған иммунитеттің заңды күші болмайды», - деді Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс депутаттары Тұңғыш президент туралы заңның күшін жоятын түзетулерді қарауға алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама