×

5 жыл несие берілмейді: Сенат банкроттық туралы заңды қабылдады

Құжатты әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе ескерілгені айтылды

 Дәурен Ерболат 29.12.2022 | 11:34
Фото: Halyq Uni

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Заң жобасы банкроттық рәсімінің 3 түрі енгізуді көздейді.

Барлық рәсімді тек борышкер ғана бастай алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

Банкроттық рәсімдегенде қазақстандықтарға төмендегі шектеулер қойылады:

  • Жобада 5 жылға несиелер мен кредиттер алуды шектеу көзделген;
  • Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;
  • Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді.

Талқылаудан кейін Сенат депутаттары банкроттық туралы негізгі заңды қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама