Қытайда 200 көлік бір-бірімен соқтығысып қалды

Дастан Жұмабекұлы

Cоның кесірінен бір адам қаза тапты

фото: ria.ru

Қытайдың Хэнань провинциясындағы Чжэнчжоу қаласында 200 көлік бір-бірімен соқтығысып қалды.

Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, оқиға көліктер өтетін көпірде болған. Апатқа қатты тұман себеп болған көрінеді. 

Көліктердің көпшілігі бір-бірінің үстінен аударылып, соның кесірінен бір адам қаза тапқан.

Қазір жол-көлік оқиғасының салдарын жоюға 11 өрт сөндіру техникасы мен 66 құтқарушы жұмылдырылған.