Halyq Uni логотип
×

Еліміздегі орташа зейнетақының көлемі аталды

Республикалық бюджеттен төлемдерге 245,9 млрд теңге бөлінді

 Дастан Жұмабекұлы 28.12.2022 | 15:52
Еліміздегі орташа зейнетақының көлемі аталды
фото: ашық дереккөз

Биылғы 11 айда отандастарымызға 2,7 тлн теңгеден аса сомаға зейнетақы төленген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы қараша айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,9 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 171 млрд теңге бөлінген.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 276 мың адам. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 960 теңге болды, – делінген хабарламада.

Қарашада зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 108 993 теңге болған еді.

Бұған дейін хабарланғандай, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ төлейтін зейнетақының ең жоғары мөлшері 700 мың теңгеден, ал отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден асқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама