×

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы – 707 326 теңге

БЖЗҚ-дағы төлемдердің 902 миллиард теңгесі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған

 Еркеғали Болатұлы 26.12.2022 | 16:30
фото: ашық дереккөз

1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ төлейтін зейнетақының ең жоғары мөлшері 700 мыңнан асты.

Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша, қазір қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 триллион теңгеден асқан.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтар да шамамен тура осындай өсім – 9,9 пайыз немесе 1,2 триллион теңгені көрсетті. 1 желтоқсанға бұл шоттарда 13,9 триллион теңгеден аса қаражат жинақталған. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 11 айда 20,7 пайыз ұлғайып, шамамен 436 миллиард теңге болды, - делінген хабарламада.

Жыл басынан бергі ең үлкен өсімді (94,5 пайыз) ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар көрсетіп, ол 3,3 миллиард теңгеден асты.

2022 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін зейнетақы жарналары түрінде ЖЗШ-ға 1,5 триллион теңгеден аса қаражат түскен. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 30 пайыз көп. Өсім жарналардың барлық түрлері бойынша болды.

Салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде 777 млрд теңгеден аса қаражат түскен.

БЖЗҚ-дағы төлемдердің басым бөлігі – 902 миллиард теңге мөлшеріндегі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері. Баламалы мақсаттарға берілетін төлем көлемі өткен жылмен салыстырғанда 58 пайыз төмендеді.

«Жасы бойынша төлемдер 22,6 пайыз ұлғайып, шамамен 109 миллиард теңге болды. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 876 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама