×

«Мәселе шешілді». ІІМ оң рульді көліктерді де жеңілдетілген тәртіппен рәсімдемек

Елімізде мұндай 20 мыңға жуық көлік бар

 Дәурен Ерболат 26.12.2022 | 10:35
фото: zr.ru

Қазақстанда оң рульді көліктер де жеңілдетілген тәртіппен рәсімделеді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Айта кетсек, биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда 1 қыркүйекке дейін елімізге кірген шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге тапсырма берген еді. Оларды рәсімдеу құны 200-250 мың теңгеден аспауы шарт.

Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы біржолғы көлікті заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл заң жобасында біз таяуда ғана ұсыныс енгіздік. Оң рульді көліктер осы біржолғы заңдастыруға енгізіледі.

Бүгінде Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар. Бұл ұсыныс енгізіліп, комитетте қолдау тапты. Бұл мәселе шешілді», - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін шетелдік көліктерді тіркемегендерге айыппұл салынатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама