×

Мешіттің салынуына қарсы болған кәрістер құрылыс жанында шошқа үйтіп жеген

Мешіт салуды 150 студент қолға алған еді

 Еркеғали Болатұлы 25.12.2022 | 16:16
фото: twitter.com

Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында мешіттің салынуына қарсы болған белсенді топ түрлі акциялар дайындай бастады. Жақында олар мешіт құрылысы жүріп жатқан жерге шошқа етінен барбекю жасады, деп хабарлады Opindia.com.

Айта кетсек, Тэгу қаласында мешіт салуды 150 мұсылман студент қолға алған. Олар өздерінің уақытша жатақханаларының қасынан құлшылық үйін сала бастайды. Алайда кореялықтар оған қарсы қарсылық шерулерін өткізеді. Кейін бұдан пайда болмасын біліп, шошқамен шабуыл жасауға көшеді.

Алдымен олар мешіт құрылысы жүріп жатқан жерге шошқаның басы бар орындық қойып кеткен. Кейін мешіт салушыларға қалайда кедергі келтірмек болған белсенділер шошқаны тұстастай үйтіп, мешіт маңында тамақ дайындаған.

Екі тарап арасында жанжал туындауынан қорыққан полицейлер оқиға орнына жеткен. Алайда мешіт салушылар белсенділердің әрекетіне еш қарсылық жоқтығын айтып, олардың асықпай тамақтанып алуына мүмкіндік берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама