1-раундта 4 нокдаун: Садриддин Ахмедов қарсыласын ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Осылайша ол кәсіпқой бокстағы 13-жеңісіне қол жеткізіп отыр

фото: видеодан скриншот

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) кәсіпқой рингке сеніммен оралды.

Алматыда өткен бокс кешіндегі негізгі жекпе-жекте Ахмедов 40 жастағы оңтүстікафрикалық Нкулулеко Мхлонгомен (23-10-1, 18 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек біржақты болды. Бірінші раундтың өзінде Садриддин Ахмедов қарсыласын 4 рет нокдаунға түсірді. Мхлонго екінші айналымға өте алмады.

Осылайша, Ахмедов кәсіпқой бокстағы 13-жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол 11 рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.