Астана мен Көкшетау арасындағы жол жабылды

Халық үні

Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді

фото: el.kz

Астана мен Көкшетау қаласы арасындағы жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰҚ баспасөз қызметі.

Боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Бұған қоса Ақмола өңірінде Зеренді кентінен Атбасар қаласына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.