Доллар мен рубль арзандады

Дәурен Ерболат

Астанада доллар 469 теңгеге сатылып жатыр

Фото: Almaty.tv/Жанар Каримова

23 желтоқсандағы доллар мен рубльдің ресми бағамы белгіленді, деп хабарлады Ұлттық банк.

1 доллардың құны – 466, 98 теңге, Ресей рублінің бағамы – 6,48 теңге.

21 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,34 теңгеге арзандап, 466, 67 теңге болды. Ресей валютасы – 6,5 теңге.

Kurs.kz дерегінше, елордадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465,8-469 теңге арылығында.

Алматыда доллар 466-470 теңгеге сатылып жатыр, ал рубльді 6,25-6,65 теңгеге сатып алуға болады.