Павлодарда 8-қабаттан құлаған қыз аман қалды

Халық үні

Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды

© Sputnik / Владислав Воднев

Павлодар қаласында көпқабатты үйдің терезесінен жасөспірім құлап, полиция тергеуге кірісті. Бұл туралы polisia.kz телеграм каналы хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 17:08 шамасында Павлодар қаласының полициясына «қыз биіктіктен құлады» деген шақыру түсті.

«Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы 2007 жылы туған қыз баланың Н. Назарбаев даңғылы 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлағанын анықтады. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.