×

Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді

 Динара Амантай 22.12.2022 | 12:07
Фото: twitter.com

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін 4 жерде тегін мұз айдыны ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, қаланың бірнеше жерінде тұрғындарға арналған мұз айдындары ашылған. Олар Тұңғыш Президент саябағының алдында, Республика сарайының алдында, Әуезов ауданында Ықылас, 8 д мекенжайы бойынша Таугүл шағынауданында, Шұғыла шағын ауданы 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында ашылған.

Бұған қоса келесі аптада Түрксіб ауданы Сейфуллин, 13 мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйінің алдында және Жетісу ауданында «Гүлдер» саябағында мұз айдындары ашылады.

Кіру – тегін, конькиді жалға алу құны (2 сағат) – 1000 теңге. Конькимен келгендерге тегін.

Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады. Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама